Шаржда саңырау мұсылмандарға жағдай жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Шаржда саңырау мұсылмандарға жағдай жасалды

Шаржда саңырау мұсылмандарға жағдай жасалды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарж қаласындағы ислам істері жөніндегі департаментінің төрағасы, шейх Сакр бин Мұхаммед әл-Қасым ел аумағынан 48 мешітте араб тілінде сөйлесе алмайтындарға және саңырау мұсылмандарға жағдай жасағандарын мәлімдеді.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 224
Фото - Caravan.kz


 «Ол ел аумағы бойынша елуге тарта мешітте жұма уағызы урду, пушту, малаял, тәміл, сондай-ақ, ағылшын тілдерінде айтылатынын жеткізді» деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.

Бұған қоса, аталмыш департамент гуманитарлық қызметтің көмегімен осынау бірегей жобаны жүзеге асыру үшін саңырауларға уағызды ым-ишарамен жеткізетін сурдоаудармашыларды тартқанын да тілге тиек етеді.