Оның айтуынша, сейфтен 63 млн 28 мың теңге ұрланған.
«Қылмыскерлер сейфтер тұрған бөлменің есігін бұзып кіргенде дабыл жүйесі іске қосылған. Полицейлер келгенде күзетші ұйықтап жатқанын және ештеңе естімегенін айтыпты», — деді Т.Сейдуәлиев.
Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен күзетші де қамауға алынды.