Қазақстанда сот жүйесі қызметкерлерінің мінез-құлық стандарттары әзірленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сот жүйесі қызметкерлерінің мінез-құлық стандарттары әзірленбек

Қазақстанда сот жүйесі қызметкерлерінің мінез-құлық стандарттары әзірленбек

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Судьялар этикасы кодексін толықтырып, Сот жүйесі қызметкерлерінің мінез-құлық стандарттарын әзірлеуді тапсырды.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 548
Фото - Caravan.kz

Ол Жоғарғы сотта өткен отырыста қарамағындағыларға осындай тапсырма берді.

Қ.Мәмидің айтуынша, президент әкімшілігі мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы құжат негізінде Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың жоспарлары әзірленбек.

Жиында қоғамда соттарға деген сенімді арттырып, сот жүйесіне құрмет пен жағымды қарым-қатынас орнатуға күш салу бағытында жұмыс істеу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар төраға бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнату мәселесін де сөз етті. Ол төраға қоғамдық пікір қалыптастырудың заманауи әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып судьялар беделін көтеруді ұсынды.

«Сот жүйесінің халықаралық беделін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында халықаралық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеу керек. Басты мақсат белгілі: азаматтардың бойында судьяларға деген сенімсіздікті қалыптастыратын себептерді анықтап, осы проблеманы шешу жолдарын ұсыну», — деді Қ.Мәми.