Жамбыл облысында екі ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында екі ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды

Жамбыл облысында екі ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды

Жамбыл облысында екі ер адам пойыз дөңгелегінің астына түсіп мерт болды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 302
Фото - Caravan.kz

Ведомство баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Талас стансасы мен Үшбұлақ стансасы аралығында № 3008 жүк пойызының құрамындағы ВЛ-80С № 2708 электровозы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ол оқиға орнында мерт болды.

Машинистердің сөзіне қарағанда, марқұм пойыздың астына өзі түскен. 42 жасында ажал құшқан ер адам Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында тұрған екен.

Сонымен қатар, Көкірексу стансасы мен Сұрым стансасы аралығында № 25 жолаушылар пойызының құрамындағы ВЛ-80С № 2360 электровозы шамамен 30-35 жастағы түр-әлпеті азиаттыққа ұқсайтын, ұлты белгісіз біреуді қағып кетті. Ол да оқиға орнында жан тәсілім етті.

Осы оқиғалардың біреуі де пойыздар қозғалысына бөгет болмады, деп нақтылады баспасөз қызметінде.


Аталған фактілер бойынша қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.