Тұжырымдаманың маңызды тармағы азиялық туризм қаласын таңдау болып табылады, деп бүгін Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Азиялық туризм қаласы мәртебесі әрбір қатысушы елге бір жылға беріледі. Азияның отыздан астам елі таңдап алынған азиялық турзим қаласын белсенді түрде жарнамалайтын болады.
2014 жылы азиялық туризм қаласы ретінде Бахрейннің Манама қаласы таңдап алынды.
Отырысқа қатысқан Индустрия және туризм комитетінің төрағасы Марат Иғалиев қазақстандық тарап таяуда Астананың азиялық туризм қаласы мәртебесін алуына бар күшін салатынын атап көрсетті.