Жоғарғы экономикалық кеңес елдерінің президенттері 24 желтоқсан күні Мәскеуде кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы экономикалық кеңес елдерінің президенттері 24 желтоқсан күні Мәскеуде кездеседі

Жоғарғы экономикалық кеңес елдерінің президенттері 24 желтоқсан күні Мәскеуде кездеседі

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы Мәскеуде 24 желтоқсанда өтеді, деп бүгін Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 347
Фото - Caravan.kz

Ресей, Беларусь, Қазақстан президенттері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің интеграциялық өзара байланысының негізгі бағыттарын, сондай-ақ 2015 жылдың 1 қаңтарына қарай Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыру жөніндегі жұмыс барысын талқылайды.

Қырғызстан мен Арменияның еуразиялық интеграциялық құрылымдарға қосылуы бойынша «жол картасын» дайындау және жүзеге асыру мәселелері талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай кедендік саясат, табиғи монополиялар қызметін реттеу мен бәсекелестік ережелері саласындағы бірқатар бірлескен шешімдерге қол қою жоспарланған.