«Қазақша сөздік» жарыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақша сөздік» жарыққа шықты

«Қазақша сөздік» жарыққа шықты

Қазақ тілі түркі әлеміндегі ең бай тілдердің бірі. Бүгін жарыққа шыққан «Қазақша сөздік» кітабының тұсаукесеріне қатысқан мәдениет министрі осылай деді. Ал түсіндірме оқулықта 106 мың сөз енгізіліпті.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 189
Фото - Caravan.kz

Салмағы 2 келідей тартатын кітаптың ішіндегі сөздерді мамандар бірнеше жыл бойы жинаған. Ескірген сөздердің орнына жаңасын енгізіп, тіпті жаңа заманға лайық терминдерді тапқан ғалымдар қазақ тілінің  байлығын көрсетуге тырысқан. Сөздікті теориялық зерттеулерге сүйеніп жасағандықтан, оның оқырманы ғылым, білім, оқу-ағарту, баспасөз саласының өкілдері екен. Әзірге 4 мың тиражбен жарық көрген кітаптың 100-ге жуығы бүгін тегін таратылып кетті. Ал, қалғаны кітапханаларға үлестірілмек.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

  -Қазақ тілі мына сөздіктің шығуы бүгінгі күннен бастап 14 мың сөзге бай екенін және қазақ тілі дүниежүзінің 30-дан астам халықтарының тілдері ішінде ең бай тіл екендігін дәлелдейді.

Аудармашы