Лифтіге мінемін деп ажал құша жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лифтіге мінемін деп ажал құша жаздады

Лифтіге мінемін деп ажал құша жаздады

Ақтөбеде 58 жастағы азамат лифт шахтасына құлады.  Қараңғы подьезде ол кабинаның жоқтығын байқамай қалған. Ауыр жарақат алған тұрғын қазір өлім аузында жатыр.  Ал жауапты қызмет мән-жайды түсіндіруден жалтарып отыр.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 280
Фото - Caravan.kz

Үрейі ұшқан мына үйдің тұрғындары лифтіге жоламай жүр. Екі күн бұрын дәл осы шахтаға 58 жастағы азамат құлап, мертігіп қалды. Жайлаубай Медетов ағасын мерекемен құттықтауға келген екен. Қараңғы подьезде кабинаның жоқтығын байқамай, төмен құлдилаған.

Нұрболат Медетов, зардап шегушінің ұлы:  

-Лифт шақырса есік ашылады. Онда адам көтеретін жоқ болады. Сол сәтте әкем оң аяғын басқан сәтте аунап кетеді. Сол сәтте шахтада жатады. Бұл үйдің тұрғындарының балалары құлап қалса кім жауап береді? Оны білмейміз.

Ауыр соққыданЖайлаубай Медетов әлі есін жия алмай жатыр. Тіпті өз туғандарын да танымайды. Қабырғалары сынып, миы шайқалған. Қайта екінші қабат болып аман қалды,-дейді дәрігерлер. 

Мақсат Оразжанов, Ақтөбе облыстық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:


-Диагнозында қазір миы соғылуы анықталды. Бас ми сынуы, мидың гематомасы. Тағы да қосалқы жарақаты бар. Қабырғаның сынуы. Бесінші қабырғасының.

Бұл үй жақында ғана мемлекеттік бағдарлама бойынша қолданысқа берілген. Тұрғындар лифт жаңа болғанымен жиі істен шығатынын айтады. Ал оның жұмысын қадағалайтын мекеме қызметкерлері болса оқыс оқиғаға байланысты жауап беруден жалтарып отыр.

— Ештеңе білмеймін ештеңе айтпаймын.

Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Әйтсе де тоғыз қабатты үй тұрғындары лифтіге жолаудан қорқады. Тек тиісті мекемелер қауіпсіздігін растап берсе деп өтініп отыр. Ал зардап шегушіні тілге келтіру үшін дәрігерлер бар күшін салуда.