Жергілікті тілшінің үйіне шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жергілікті тілшінің  үйіне шабуыл жасалды

Жергілікті тілшінің үйіне шабуыл жасалды

Теміртауда жергілікті журналистің үйіне шабуыл жасалды. Сорақысы сол, арақ ішіп қылмысқа барған полиция қызметкерлері екен. Екі тәртіп сақшысы пәтерінен шығып бара жатқан әйелді соққыға жыққан. Кейін үйге баса көктеп кірмекші болғанда келіншектің күйеуі мен туғандары тойтарыс беріпті. Ал Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті олардың құпия шаруамен жүргенде қарсылыққа тап болғанын айтып ақталуда. Қазір қылмыстық іспен қаржы полициясы айналысып жатыр екен.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 228
Фото - Caravan.kz

Жас отбасы сол сойқаннан кейін әлі естерін жыймаған. Жүректері шайлығып қалғандықтан, үйлеріне де түней алмай тайсалып жүр.  

Жанбота Сағидолла, зардап шегуші:  

-Осылай мен түстім, бір жігіт мына жерде сыра ішіп тұрды екіншісі мына жерде темекі шегіп тұрды. Сосын мені бірден қолымды қайырды да мына қабырғаға басымды ұра бастады. Курткамның иығынан жоғары сүйреледі, сол кезде мен айқайлап жолдасымды шақырып үлгердім. Сол кезде бірі пышақ алып шығып, бүйріме тақады.

Қайратбек Зұлқажа, Жанбота Сағидолланың киеуі: 

-Атып шығып есікті ашып келдім. Сол кезде ананың бірі Ботаны тамағынан қылқындырып, аузын буындырып сүйреп келеді екен. Сол кезде Бота бұлқынып шығып қалды да, «қаш үйдегі баланы құтқар деді». Сол кезде алдындағысы ұмтылып мені тұра қуды.

Бірақ отағасы есікті әйтеуір жауып, бірден полиция мен туғандарына қоңырау шалған. Осы арада әлгілер келіншекті желкелеп, қалтасындағы телефоны мен ақшасын алып үлгеріпті. 

Қайратбек Зұлқажа —  журналист, Жанбота Сағидолланың киеуі: 

-Мені итеріп осы жерге кіріп келді. Кіргенде арақтың иісі мүңк ете қалды. Сұрадым «кімсіңдер» деп?. Сойтсем полиция қызметкерлеріміз дейді. Онда күәліктеріңді көрсет десем жоқ дейді.

Улап-шулап жүріп есіктің алдына шыққанда өзін «әлгілердің бастығымын» деп таныстырған азамат қызметтік куәлігін оңды- солды көрсетіп жүр. Айтуынша, естері -кіресілі шығасылы боп отырған мына екі қызметкер құпия тапсырмамен жүр екен. Алайда оған отбасы мүшелері де, тіпті патрульдік полиция да сенген жоқ. Ал әріптестерін пысқырмаған күдіктінің біреуі, оқиға орынынан кетті де қалды. 


-Ұстамайсыздар ма? 

-Қашып кетті ғой.

 -Мен қалай көрем?

-Оны көре алмай қалдым.

— Қалай көрмейсіз?  

-Мен көріп тұрмын.

-Түсіріп жатырмын міне.

Полиция басшылығы болса «қарға, қарғаның көзін жұқымайдының» керін жасап, қызметкеріміз кінәсіз деп отыр. 

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:  

-Өтініш иесі полиция қызметкерлерінің біріне дене жарақатын келтіргені туралы да материал бар. Сондықтан да бұл жағдай нақты обьективті,  жан-жақты талдауды қажет етеді.

-Күрмеуі қиын істің ара жігін ажырату енді қаржы полициясының еншісінде. Өйткені бұл жерге полицейлердің өздері де зорлық көрдік деп арыз түсірген. Ал Қайратбек Зұлқажа «сол күні үйде болмасам әлгілердің үш айлық балам мен келіншегімді бауыздап тастамасына кім кепіл еді»,- дейді. Сондықтан олардың қайта-қайта шабарман жіберіп, бітімге келейік дегендеріне де көнбей, заң алдында жауап беруін талап етпек.