Мейірбек Молдабеков: «150 млн долларға ғарышкер ұшырғанша зауыт салған тиімді» - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейірбек Молдабеков: «150 млн долларға ғарышкер ұшырғанша зауыт салған тиімді»

Мейірбек Молдабеков: «150 млн долларға ғарышкер ұшырғанша зауыт салған тиімді»

Арманына жету үшін отанын ауыстырған Мұхтар Аймаханов ғарышқа ұша ма? Көкке самғауы дауға ұласқан  азаматқа жұмсалатын шығынды біздің Үкімет өтеуден бас тартса, Ресей үміт отын қайта тұтатқандай.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 394
Фото - Caravan.kz

Көршілеріміз Мұхтар Аймахановты ресейлік ғарышкерлердің құрамына қосты. Енді ғарышқа ұшу мәселесі қайта қарастырылмақ. Бұған дейін Аймаханов халықаралық ғарыш станциясында отандық ғалымдардың бағдарламаларын жүзеге асыруға ниетті екенін айтқан. Алайда біздің Үкімет дағдарысты сылтауратып бюджеттен ақша бөлмей қойған еді. Туған елінің атынан аспанды бағындырамын деген үміті біржола үзілген Аймаханов Қазақстан төлқұжатынынан бас тартып, Ресей азаматтығын алуға мәжбүр болды. Ал «Қазғарыш» агенттігі ғарышкерді қолдаудың орнына әлі аузын қу шөппен сүртіп отыр.


Мейірбек Молдабеков
, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары:

-Не үшін қазір біз, соншама 150 млн доллар жұмсап ұшыруымыз керек?Ал 150 млн долларға қазір зауыт салып жатырмыз. Қайсысы тиімді экономикаға? Соны ойлану керек.