Еліміздің бірқатар аймақтарында боранға байланысты көлік жолдары жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірқатар аймақтарында боранға байланысты көлік жолдары жабылды

Еліміздің бірқатар аймақтарында боранға байланысты көлік жолдары жабылды

Республиканың бірқатар аймақтарында алай-дүлей боран соғуына байланысты автокөліктер үшін жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 266
Фото - Caravan.kz

Астана қаласында және Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын соғуы, көру мүмкіншілігінің нашарлауы) автокөліктер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Ақтөбе облысында боранға байланысты "Ақтөбе-Орск" автокөлік жолының 21-135 шақырымында, "Ембі-Шалқар" автокөлік жолының 91-257 шақырымында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.

Қарағанды облысында Теміртау қаласы — Ақмола облысының шекарасы аралығындағы "Алматы-Екатеринбург" автокөлік жолында, Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы аралығындағы "Қызылорда-Павлодар" автокөлік жолында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.

Павлодар облысында 19 желтоқсан сағат 01:20-дан бастап "Шідерті-Ерейментау-Астана", "Шідерті-Қарағанды" автокөлік жолдары жабық.