"Әңгіме классикалық бітімгершілер жайында емес, әскери миссиялардағы бақылаушылар туралы болып отыр. Қазақстан бұл мәселелерге аса жауаптылықпен қарайды", деді ол Астанада бейсенбіде президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, Парламент палатасының бірлескен отырысында қазақстандық бітімгерлерді бірқатар елдерге жөнелту мәселесі қаралады.
«Ертең БҰҰ шешімі бойынша біздің бітімгершілік күштерімізді бірқатар елдерде бейбітшілік орнатуға жөнелту мәселесін қарастыру ұсынылып отыр», — деп бейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сенат депутаты Анатолий Башмаков мәлім етті.
Депутат Бірғаным Әйтімованың айтуынша, бұл жерде Сирия туралы әңгіме болып отырған жоқ.
«Жоқ, Сирия туралы әңгіме болып отырған жоқ. Сирияға бітімгер күштер бара қойған жоқ. БҰҰ бітімгершілік күштері қақтығыс болып жатқан барлық елдерге барып жатқан жоқ», — деді ол журналистерге.
Оның ойынша, қазақстандықтар Африка елдеріне жөнелтілуі мүмкін.
«Қақтығыс болған жерлерде жүз мыңға жуық бітімгершілік күш бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, әсіресе, халықты қорғауға атсалысып жатыр. Африка мемлекеттері бар. Қазір Кот-д'Ивуар Гаити сынды Жерорта теңізі мемлекеттері бар енді. (…) Бәрі де ертең жасалатын ұсыныстарға байланысты», — деді депутат.
Қос палатаның бірлескен отырысы 20-желтоқсанда өтеді.