Контрабандамен Германияда ұсталған дипломаттарға қатысты сот елде жүргізілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Контрабандамен Германияда ұсталған дипломаттарға қатысты сот елде жүргізілуі мүмкін

Контрабандамен Германияда ұсталған дипломаттарға қатысты сот елде жүргізілуі мүмкін

Қазақстан СІМ жетекшісі Ерлан Ыдырысов контрабанда үшін Германияда ұсталған қазақстандық дипломаттарға қатысты сот елде жүргізілетін болар, деген үмітте.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 382
Фото - Caravan.kz

"Құқық қорғау органдарымен бірге бұл мәселені назардан шығармай отырмыз. Біздің Германиядағы дипломатиялық нүктелеріміз, яғни Франкфурт және Берлиндегісі сол елдің ресми органдарымен байланыста. Өз ара түсінісіп, бір шешімге келерміз, әділ сот біздің елде өтетін болар деп үміттенеміз", деді ол бейсенбіде президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр осы оқиғаға орай ішкі ведомствоаралық сипаттағы шаралардың қолданылғандығын айтты.

"Ең алдымен бұл жүктерді жіберуде қызмет бабын заңсыз пайдалану каналдарын анықтадық. Бүкіл тізбекті қалпына келтірдік. Түгелдей мән-жайды айтқым келмейді. Оған мұнда да, онда да қатысы болғандарға қатысты нақты шаралар қолданылды", деді ол.


Биыл қыркүйек айында Франкфурте-на-Майнедегі Қазақстан бас консулы Ахат Алпысбаев және оның қызметкерлерінің бірі темекі контрабандасына қатыстары болды деген күдікпен ұсталған болатын.