Үш жылда шетелде екі мыңға жуық қазақстандық қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш жылда шетелде екі мыңға жуық қазақстандық қаза болды

Үш жылда шетелде екі мыңға жуық қазақстандық қаза болды

 Соңғы үш жылда Қазақстаннан тысқары жерде екі мыңға жуық Қазақстан азаматы қаза болды, деп хабарлады СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 463
Фото - Caravan.kz

"Бізде статистика бар. Өкінішке орай, солай болғанмен, бұл өмір ғой. Соңғы үш жылда Қазақстаннан тысқары жерде екі мыңға жуық Қазақстан азаматы қаза болды, оның 95% ТМД елдерінде, бұл сол елдерде тұрып жатқан азаматтар болатын", деді ол бейсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Мәйеттер елге түгелдей қайтарылған жоқ", деді ол.


"Басқа қауіпті елдерге келер болсақ, қазір әлемдегі жағдай тым шұбалаңқы. Біз қазір арнайы сайт әзірлеп жатырмыз, онда біздің азаматтарға қауіп төнеді-ау", деген нүктелер туралы ақпаратты шұғыл түрде жаңалап отыратын боламыз", деді министр.