Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 212,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда — 200,6 мың теңге және қаржы және сақтандыру қызметінде — 199,2 мың теңге (1,9 есе) көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді — 62,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 41,8%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркелді — 186,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 73,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,6%-ға төмен.