Алматы меттрополитені кәсіпорнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ESQR басшылығының шешімімен ұйымның желтоқсан айындағы нөмірі Алматы метросына арналмақ.
Алматы метросы Сапаны зертеудің еуропалық қоғамы (ESQR) тарапынан 1 жылдың ішінде екінші рет жоғары марапатқа ие болды. Лондонда 7 шілдеде ол «Алтын» («Gold») жіктелімі бойынша үздік деп танылған еді. Енді Венадан жеткен қуанышты хабарға қарағанда, «Платина» («Platinum») жіктелімінде кубок «Сапаны үздік тәжірибелік қолданудың Еуропалық марапаты» аталымы бойынша дипломға қол жеткізген көрінеді.
Алматы меттрополитені кәсіпорнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ESQR басшылығының шешімімен ұйымның желтоқсан айындағы нөмірі Алматы метросына арналмақ.