Өлім аузында жатқан отандасымыз санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өлім аузында жатқан  отандасымыз санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді

Өлім аузында жатқан отандасымыз санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді

Әуежай қызметкерлерінің тосын әрекетіне қарамастан Таиландта зардап шеккен отандасымыз түнде Астанаға жеткізілді. 26 жастағы алматылық  Фархат Мұратбековті еліміздің денсаулық сақтау министрлігі өз қаржысына Паттайядан санитарлық авиациямен алдырған.

  • 20 Желтоқсан 2013
  • 189
Фото - Caravan.kz


Әуежайдан түскен бойда Фархад Мұратбеков республикалық нейрохирургия ғылыми орталығына жатқызылды. Ес-түссіз жатқан науқастың денсаулығына тайландтық мамандар мүлдем көңіл бөлмепті. Бірақ бір күндік емі үшін 10 мың доллар алып отырған. Қазір отандық дәрігерлер Фархадтың өмірін аман алып қалу үшін барын салуда. Айта кетсек, Паттайя жағалауына тынығуға келген Фархат Мұратбеков 9-шы желтоқсанда қонақүйдің бассейіне шомылып жүріп суға тұншығып қалған болатын.