"19 желтоқсан күні Жоғарғы сот қылмыстық істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық сотына жаңадан қаралуы үшін жіберді", деп хабарлады жұмада баспасөз мәслихатында Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.
Ол сот ашық болады, деп айтты. "Өздеріңіз көріп, тыңдайтын боласыздар. Шыдамдылық танытуды сұраймын", деді ол журналистерге.
"Сот сәйкесті шешім қабылдаған жағдайда, Әлиев пен Мұсаевқа қатысты тікелей қылмыстық іс қозғалады және ФТБ қызметкерлерінің қатысуымен олардың Сәрсенбаев, Журавлев және Байбосыновты өлтіруге қатыстары тексеріледі", деді А.Кравченко.
Сонымен қатар, оның хабарлауынша, биыл 11-желтоқсан күні Бас прокуратура Жоғарғы сотқа "Сәрсенбаев, Журавлев және Байбосыновты өлтіру ісі бойынша үкімнің бір бөлігін қайта қарау қажеттілігі туралы" қорытынды жолдаған. 19-желтоқсан күні ЖС Ержан Өтембаевқа қатысты үкімнің бір бөлігін алып тастады.