Қапшағай күн электр станциясы «жасыл» экономикаға көшудің басы болып табылады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағай күн электр станциясы «жасыл» экономикаға көшудің басы болып табылады - Назарбаев

Қапшағай күн электр станциясы «жасыл» экономикаға көшудің басы болып табылады - Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қапшағай күн электр станциясының жұмысын бастап берді.

  • 20 Желтоқсан 2013
  • 1170
Фото - Caravan.kz

«Бұл еліміздің «жасыл» экономикаға көшуінің алғашқы қарлығашы. Мұны EXPO-2017 көрмесінде көрсетеміз деп ойлаймын. Қапшағай жобасы күн энергиясын алуда еліміздің басқа өңірлеріне үлгі болсын», — деп Елбасы бүгін Астанада Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында атап көрсетті.

Қапшағай күн электр станциясы Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне қосылған.

Қазан айында «Самұрық-Энерго» АҚ Қапшағай қаласында қуаттылығы 2 МВт құрайтын «Күн электр станциясының құрылысы» жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Астанада 1 қазан күні BISOL Central Asia Ltd (Ұлыбитания) компаниясының жобалау, жеткізу, құрылысын толық аяқтау жөніндегі кешенді жұмыстарды сатып алу жөніндегі келісімшартына қол қойылды.


— «Самұрық-Энерго» компаниясының 100% еншілесі болып табылатын. "Samruk-GreenEnergy" ЖШС құрылысы аяқталғаннан кейін күн электр станциясының операторы және иесі болды.

Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, бұл жобаның құны 1 млрд 700 млн теңгені құрайды.