Президент негізсіз тексерулер жүргізгені үшін мемлекеттік органдарды таратуға дейін баратынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент негізсіз тексерулер жүргізгені үшін мемлекеттік органдарды таратуға дейін баратынын айтты

Президент негізсіз тексерулер жүргізгені үшін мемлекеттік органдарды таратуға дейін баратынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түрлі мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер жиілеп кеткеніне тағы наразылығын білдірді.

  • 21 Желтоқсан 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz


«Домалақ арыздар қаралмайды! Бұл туралы қашанғы айтам? Өздері шағым жазып, өздері тексеруге келеді. Осылайша бұл бізді Қазақстанда кейбір тексеруші ұйымдарды таратуға апарары хақ», — деп президент бүгін Астанада Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында атап көрсетті.

«Барлық жетістіктерге қарамастан, бүгін жер алу үшін, құрылыс жүргізу үшін, аяқтан тозып қаншама жерге бару керек. Тексерумен тұншықтырды! Бұл туралы қашанғы айта беремін?! Барлық министрліктер бүгін тексеруден көз ашпайды. Олар қайдан шығып жатыр? Бізде есеп палатасы бар, оның міндеті күнде келіп тексеру емес, аудит жүргізу», — дейді президент.