Спорттағы саңлақтарымыздың жеңісі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорттағы саңлақтарымыздың жеңісі

Спорттағы саңлақтарымыздың жеңісі

«Алаш прайд» ұйымдастырған «Ұлы майдан » аясындағы екінші турнирде, Қайрат батыр қандастарын тағы да қуантты. 58 келіде өнер көрсететін Қайрат осы кеште «Алаш прайд» версиясы бойынша Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

  • 21 Желтоқсан 2013
  • 190
Фото - Caravan.kz

Осы күнге дейін жеңіліп көрмеген «Қазақ» бұл жолы жапон жігіті Татсуя Ватанабеге дес бермеді. Бір әттең-айы «Алаш прайд» тіккен әлем чемпионы белбеуі АҚШ – қа жол тартты. Осы белбеу үшін Асұлан Тоқтарбаевпен жаға жыртысқан америкалық Кевин Крум, өзінің асқан шебер екенін көрсетті. Басқасы мейлі «Bellator» секілді әйгілі турнирдің жеңімпазы, бүгінгі кеш өзгелерге үлгі болатындай өнерімен есте қалды. Біздің сарбаздардаң арасынан Ержан Естанов, Арман Оспанов және Әділ Боранбаевты атап кетуге болады. Ержан Естанов дағыстандық Расул Мырзаевпен қарымта матч өткізуі керек еді. Бірақ қарсыласы жарақат алғандықтан Ержан, ресейлік Аслан Шаовпен күш сынасты. Бұл теке-тіресте Ержан жеңіске жетті. Жалпы он екі жұп сарбаз таласқа түскен екінші «Ұлы-майдан» 7:5 есебімен алаш жігіттерінің жеңісімен аяқталды.

 


Қазанның “Рубин” командасының бас жаттықтырушысы Құрбан Бердыев өз қызметінен босатылды. Сондай-ақ клубтың бас директор Андрей Громов пен вице президент Камиль Исхаковта жұмыссыз қалды.

“Рубин” Ресей чемпионатының 19-шы турынан кейін 24 ұпаймен 11-ші орында келеді. Еуропа лигасының плей-офф бәсекесіне жолдама алған қазандық клуб испанияның “Бетисымен” кездеседі. Команда тізгінін 2001-ші жылы алған Бердыев “Рубинды” бірінші лигадан алып шықты. Ал 2008-2009-шы жылдары ол Ресей чемпионы болды. Бейресми ақпаратқа сәйкес оның орнын Испандық маман басуы мүмкін. Бірақ нақты үміткерлердің есімі белгісіз.