23 желтоқсан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 желтоқсан.  АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

23 желтоқсан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

23 желтоқсан  ДҮЙСЕНБІ

Швеция корольдігінің Ұлттық мейрамы - Швеция королевасы Сильвияның дүниеге келген күні.Королева Сильвия жұмысқа жарамсыз, мүгедектерге қол ұшын беру ісімен айналысып жүр. Ол - мүгедек балалар ойындары мен спорты саласын зерттеу ісін қолдайтын Король қайырымдылық қорының төрайымы. Мүгедек балаларды спортпен айналысуға жетелейтін швед, ағылшын, неміс және испан тілінде жарық көрген «Дегеніңе жет» атты кітаптың шығуына тікелей басшылық жасады және демеушісі болды.
Қазақстан Республикасы мен Швеция корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды.

Жапонияның мемлекеттік мейрамы - Императордың туған күні. 80 жыл бұрын (1933) Жапонияның қазіргі, 125-ші императоры Акихито дүниеге келді. Оның туған күні өз елінде ұлттық мереке болып табылады. Акихито әкесі Хирохито қайтыс болғаннан кейін 1989 жылғы қаңтардың 7-інде таққа отырды. Сол кезден бастап, жапондықтардың Хэйсэй деп аталатын жаңа жыл санау кезеңі басталды. Акихито 23 жыл ел басқару ісімен айналысып келеді.
Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 26-ында орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1994) Бішкекте Қазақстан Республикасының Елшілігі ресми ашылды.

19 жыл бұрын (1994) Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебіне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

15 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Жарлығы шықты.

8 жыл бұрын (2005) Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» ғарыш айлағы жобасының алғашқы жетекшісі Алексей Ниточкинге мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.

5 жыл бұрын (2008) Маңғыстау облысында «Өзен - Жетпісбай» кесіндіде орналасқан «Өзен - Ақтау» магистральді газ құбырының резервті тармағы ашылды. Жобаның мақсаты - тұтынушыларға үздіксіз «көгілдір» отынды жеткізу және аймақтағы газды өндірудің жоғарылауына байланысты тасымалдау жүйесін жақсарту. Жаңа тармақ басты құбырда техникалық ақаулар болған жағдайларда аймақты газбен қамтамасыз етеді.

18 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлығы жарық көрді.

6 жыл бұрын (2007) Астанада Ресейдің «Лукойл» мұнай компаниясының мұрындық болуымен «Лукойл аймақтары» сериясы бойынша шыққан «Қазақстан әлемнің тоғызыншы мекені» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті.
Бұл кітап кең байтақ даласы мен көгілдір айдын көлдері, шөлейт жерлері мен ну орманды таулары бар Қазақстанға арналған. Кітап беттерінен оқырман қауым Қазақстанда қолға алынған мәдени мұраның тамаша үлгілерімен, еліміздің әсем табиғатымен және қазіргі заманғы кәсіпорындарымен танысумен қатар, бүгінгі Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып жатқан адамдардың қуат күші және дарындылығы жөнінде кең көлемде мағлұмат алады.
«Лукойл» компаниясы 1995 жылдан бастап Қазақстандағы мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға қатысуда. Қазіргі таңда компания Қазақстан аумағындағы 8 мұнай-газ жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, «Лукойл» Қазақстандағы ірі ресейлік инвестор болып табылады.

4 жыл бұрын (2009) елордада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен 240 балаға арналған «Қарлығаш» балабақшасы ашылды.
Балабақшада тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, ағылшын тілін меңгеру үшін арнайы сабақтар өтеді. Ол орналасқан ғимарат екі қабатты төрт блоктан тұрады. Жалпы аумағы 11641 шаршы метрді құрайды, оның 4195 шаршы метрі техникалық ғимарат. Балабақшаның барлық бөлмелері қазіргі заманғы талаптарға сай жарақтандырылған.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1938) актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ЗҰЛҚАШЕВ Шапай дүниеге келді.
Атырау облысының Исатай ауданында туған. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік бөлімін, Алматы театр-көркемсурет институтының режиссерлік бөлімін бітірген. 1965-1975 жылдары - Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актеры. 1975-1989 жылдары - Атырау облыстық драма театрының режиссеры. 1989-1997 жылдары - Семей музыкалық драма театрының бас режиссеры. 1997 жылдан М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрының бас режиссеры әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

45 жыл бұрын (1968) жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ШИШИГИНА Ольга Васильевна дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ туризм және спорт академиясын бітірген. Спортшы Қазақстан және КСРО жасөспірімдері арасындағы чемпионы, 100 метрге кедергілі жүгіруден Азияның қола жүлдегері, Азия чемпионы, 12-13-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, жабық залда 60 метрге кедергілі жүгіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Олимпиадалық ойындардың чемпионы атанған.2013 жылғы 22 қаңтардан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

124 жыл бұрын (1889-1937) Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің мүшесі және белсенді қайраткері ЖАНҚАДАМОВ Бижан (Бижанғали) Әбілқасымұлы дүниеге келді. Б.Жанқадамов 1916 жылы қазақтан майдандағы тыл жұмысына адам алуды тоқтату жөніндегі Жайық сырты қазақтары делегациясы құрамында Петроградқа барды. Сол жылы қазан айында Қазан қаласында оқитын бір топ қазақ студенттерінің қатарында майдандағы тыл жұмысына алынғандарға, олардың үй-ішіне көмектесу жөнінде «Қазақ» газетіне хат жазды. 1917 жылы наурыз айында Ә.Бөкейхановтың шақыруымен қазақ оқығандары тобында Батыс майданға келіп, жігіттерді елге жеткізу ісін ұйымдастырды. 1917 жылы күзде ел ішіндегі ықпалды адамдардың ұсынуымен Жымпиты уездік земство басқармасы төрағалығына Жәленовпен баламалы негізде шарға (сайлау) түсіп, басым дауыспен төраға болды. Ол Земство жүйесін бірден-бір жергілікті билік органы деп біліп, оның демократтық негізде жұмыс істеп, халық шаруашылығы міндеттерін толықтай атқаруына күш жұмсады. М.Шоқай, Х.Досмұхамедов, И.Қашқынбаев, Б.Қаратаевтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, Алашорданың үкімет ретінде танылуына зор үлес қосты. 1937 жылы сәуірдің 10-ында «белсенді алашордашы, халық жауы» ретінде тұтқындалды. Жауап алу кезінде Ж.Досмұхамедовты құрметтейтінін, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың талантына бас иетінін тайсалмай айтып, Батыс Алашорда құрамында болғанын жасырмағаны үшін 1937 жылғы желтоқсанның 2-де атылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты коллегиясының 1992 жылғы қыркүйектің 16-дағы ұйғарымымен ақталды.

109 жыл бұрын (1904-1945) композитор, домбырашы КӨШЕКБАЕВ Смағұл дүниеге келді. Атырау облысы Теңіз ауданында туған. Құрманғазының күйлері мен Мұхиттың әндерін орындаушы. 1936 жылдан Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда қызмет етті. Құрманғазының «Ертең кетем», «Лаушкен», «Повестка» күйлерін Е.Г. Брусиловскийге нотаға түсіртті. «Майданға», «Жас достар», «Май гүлі», т.б. ән-романстардың авторы. 1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында, 1941 жылы Ащысайда (Оңтүстік Қазақстан облысы) халық аспаптар оркестрін құрды. Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

89 жыл бұрын (1924) суретші, кескіндемеші, акварелші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ӘЖИЕВ Үкі Әжиұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Шығармашылығы Қазақстанның бейнелеу өнерінде елеулі орын алады. Республикадағы сурет көрмесінің бәріне белсене қатысты. Англия, Гана, Нигерияда болып, қала көрінісінің бірнеше картиналарын жазды. Суретшінің «Бұқара», «Самарқан» серияларына енген «Хиуа көшесі», «Шайханада», «Хиуа 1968 жылы» деген шығармалары ерекше көзге түсті. Мұнда Әжиев Шығыс қалаларының көріністері мен халықтың жарқын тұрмысын шынайы бейнеледі. Туған жер табиғатын танытатын «Асы жайлауы», «Алатау бөктерінде» атты шығармалары шыншылдығымен, нақтылығымен құндылы. Портрет жанрында да көп еңбек етті. «М. Әуезовтың портреті», «Студент қыз», «Механизатор» сияқты портреттер суретші дарынының жан-жақтылығын танытады. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.

93 жыл бұрын (1920-1987) жазушы, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері ЛАРИН Вениамин Иванович дүниеге келді.
Алтай аймағында туған. Томск медициналық техникумын, педагогикалық институтты, КОКП жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын Предгорненский мекетбінде мұғалім болып бастаған. 1942-1949 жылдары журналистік жұмыста, комсомол, партия ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды. 1949-1974 жылдары - «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, Қазақ КСР ЛКЖО Орталық Комитеті Үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, «Білім» республикалық қоғамының жауапты хатшысы, Қазақ КСР Теледидар и радио тарату комитеті төрағасының бірінші орынбасары, «Огни Алатау», «Вечерняя Алма-Ата» газеттерінің редакторы. 1974-1985 жылдары - «Простор» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Өмірінің соңғы жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болды.
Алғашқы очерктер жинағы 1956 жылы басылып шыққан. «Спроси у своего сердца», «Земле нужны звезды», «Век прожить» (бірлесіп шығарған), «Баллада о первой палатке», «Все остается нам» атты еңбектері жарық көрген.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.

76 жыл бұрын (1937-2011) композитор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МАҢҒЫТАЕВ Мыңжасар дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысындатуған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясынпрофессорК. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық - бояулы мәнеріне вокалдық және халықтық - аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, "Қозы мен Баян"балетінде, "Арман", "Құлагер"симфониялық поэмаларында "Шексіз махаббат"ораториясында, "Ақсақ құлан", "Жайлауда", "Қаратау әуендері"сияқты хорға арналған поэмаларында , әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдыңөлеңіне жазылған "Не іздейсің көңілім", "Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп", "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес..."өлеңдеріне ән-романстар жазды. Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. Ақан серінің "Қараторғай"әніне жазған вариациялары мен "Арман"атты симф. поэмасында, І.Жансүгіровтің "Құлагер"поэмасының желісіне жазған симфониясы мен "До-мажор"симфониясында, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Ақтолғай"симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. Ал халық оркестріне арнап жазған "Көктем"поэмасы мен "Концерттік күй", "Ырғақты", "Төгілмелі"атты күйлері, төрт бөлімді "Аққудың айрылуы"деген топтамасы оның композиторлық мүмкіндігінің жаңа қырын ашты. "Қаратау әуендері", "Дала дауысы", "Жайлауда"хор поэмалары мен хор сюиталары, "Ауыл тойы", "Елім менің"вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. "Ақан сері - Ақтоқты", "Сталинге хат", "Неке қияр", "Біздің үйдің жұлдыздары"спектакльдеріне, "Бәйшешек", "Көкжиек"кинофильмдері мен Қ.Сәтбаевтуралы деректі фильмге, "Қожанасыр сәулетші", "Әулие есек", "Үш түлек", т.б. мультфильмдергемузыкажазды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.

82 жыл бұрын (1931) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, театр режиссері, педагог, КСРО халық әртісі ДУРОВ Лев Константинович дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1933) Жапонияның биліктегі императоры, әулеттегі 125-ші билеуші император АКИХИТО дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1934) кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, РСФСР халық әртісі ФАТЕЕВА Наталья Николаевна дүниеге келді.

  • 23 Желтоқсан 2013
  • 974
Фото - Caravan.kz

23 желтоқсан  ДҮЙСЕНБІ

Швеция корольдігінің Ұлттық мейрамы — Швеция королевасы Сильвияның дүниеге келген күні.Королева Сильвия жұмысқа жарамсыз, мүгедектерге қол ұшын беру ісімен айналысып жүр. Ол — мүгедек балалар ойындары мен спорты саласын зерттеу ісін қолдайтын Король қайырымдылық қорының төрайымы. Мүгедек балаларды спортпен айналысуға жетелейтін швед, ағылшын, неміс және испан тілінде жарық көрген «Дегеніңе жет» атты кітаптың шығуына тікелей басшылық жасады және демеушісі болды.
Қазақстан Республикасы мен Швеция корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды.

Жапонияның мемлекеттік мейрамы — Императордың туған күні. 80 жыл бұрын (1933) Жапонияның қазіргі, 125-ші императоры Акихито дүниеге келді. Оның туған күні өз елінде ұлттық мереке болып табылады. Акихито әкесі Хирохито қайтыс болғаннан кейін 1989 жылғы қаңтардың 7-інде таққа отырды. Сол кезден бастап, жапондықтардың Хэйсэй деп аталатын жаңа жыл санау кезеңі басталды. Акихито 23 жыл ел басқару ісімен айналысып келеді.
Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 26-ында орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1994) Бішкекте Қазақстан Республикасының Елшілігі ресми ашылды.

19 жыл бұрын (1994) Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебіне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

15 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Жарлығы шықты.

8 жыл бұрын (2005) Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» ғарыш айлағы жобасының алғашқы жетекшісі Алексей Ниточкинге мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.

5 жыл бұрын (2008) Маңғыстау облысында «Өзен — Жетпісбай» кесіндіде орналасқан «Өзен — Ақтау» магистральді газ құбырының резервті тармағы ашылды. Жобаның мақсаты — тұтынушыларға үздіксіз «көгілдір» отынды жеткізу және аймақтағы газды өндірудің жоғарылауына байланысты тасымалдау жүйесін жақсарту. Жаңа тармақ басты құбырда техникалық ақаулар болған жағдайларда аймақты газбен қамтамасыз етеді.

18 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлығы жарық көрді.

6 жыл бұрын (2007) Астанада Ресейдің «Лукойл» мұнай компаниясының мұрындық болуымен «Лукойл аймақтары» сериясы бойынша шыққан «Қазақстан әлемнің тоғызыншы мекені» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті.
Бұл кітап кең байтақ даласы мен көгілдір айдын көлдері, шөлейт жерлері мен ну орманды таулары бар Қазақстанға арналған. Кітап беттерінен оқырман қауым Қазақстанда қолға алынған мәдени мұраның тамаша үлгілерімен, еліміздің әсем табиғатымен және қазіргі заманғы кәсіпорындарымен танысумен қатар, бүгінгі Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып жатқан адамдардың қуат күші және дарындылығы жөнінде кең көлемде мағлұмат алады.
«Лукойл» компаниясы 1995 жылдан бастап Қазақстандағы мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға қатысуда. Қазіргі таңда компания Қазақстан аумағындағы 8 мұнай-газ жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, «Лукойл» Қазақстандағы ірі ресейлік инвестор болып табылады.

4 жыл бұрын (2009) елордада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен 240 балаға арналған «Қарлығаш» балабақшасы ашылды.
Балабақшада тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, ағылшын тілін меңгеру үшін арнайы сабақтар өтеді. Ол орналасқан ғимарат екі қабатты төрт блоктан тұрады. Жалпы аумағы 11641 шаршы метрді құрайды, оның 4195 шаршы метрі техникалық ғимарат. Балабақшаның барлық бөлмелері қазіргі заманғы талаптарға сай жарақтандырылған.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1938) актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ЗҰЛҚАШЕВ Шапай дүниеге келді.
Атырау облысының Исатай ауданында туған. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік бөлімін, Алматы театр-көркемсурет институтының режиссерлік бөлімін бітірген. 1965-1975 жылдары — Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актеры. 1975-1989 жылдары — Атырау облыстық драма театрының режиссеры. 1989-1997 жылдары — Семей музыкалық драма театрының бас режиссеры. 1997 жылдан М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрының бас режиссеры әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

45 жыл бұрын (1968) жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ШИШИГИНА Ольга Васильевна дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ туризм және спорт академиясын бітірген. Спортшы Қазақстан және КСРО жасөспірімдері арасындағы чемпионы, 100 метрге кедергілі жүгіруден Азияның қола жүлдегері, Азия чемпионы, 12-13-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, жабық залда 60 метрге кедергілі жүгіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Олимпиадалық ойындардың чемпионы атанған.2013 жылғы 22 қаңтардан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

124 жыл бұрын (1889-1937) Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің мүшесі және белсенді қайраткері ЖАНҚАДАМОВ Бижан (Бижанғали) Әбілқасымұлы дүниеге келді. Б.Жанқадамов 1916 жылы қазақтан майдандағы тыл жұмысына адам алуды тоқтату жөніндегі Жайық сырты қазақтары делегациясы құрамында Петроградқа барды. Сол жылы қазан айында Қазан қаласында оқитын бір топ қазақ студенттерінің қатарында майдандағы тыл жұмысына алынғандарға, олардың үй-ішіне көмектесу жөнінде «Қазақ» газетіне хат жазды. 1917 жылы наурыз айында Ә.Бөкейхановтың шақыруымен қазақ оқығандары тобында Батыс майданға келіп, жігіттерді елге жеткізу ісін ұйымдастырды. 1917 жылы күзде ел ішіндегі ықпалды адамдардың ұсынуымен Жымпиты уездік земство басқармасы төрағалығына Жәленовпен баламалы негізде шарға (сайлау) түсіп, басым дауыспен төраға болды. Ол Земство жүйесін бірден-бір жергілікті билік органы деп біліп, оның демократтық негізде жұмыс істеп, халық шаруашылығы міндеттерін толықтай атқаруына күш жұмсады. М.Шоқай, Х.Досмұхамедов, И.Қашқынбаев, Б.Қаратаевтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, Алашорданың үкімет ретінде танылуына зор үлес қосты. 1937 жылы сәуірдің 10-ында «белсенді алашордашы, халық жауы» ретінде тұтқындалды. Жауап алу кезінде Ж.Досмұхамедовты құрметтейтінін, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың талантына бас иетінін тайсалмай айтып, Батыс Алашорда құрамында болғанын жасырмағаны үшін 1937 жылғы желтоқсанның 2-де атылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты коллегиясының 1992 жылғы қыркүйектің 16-дағы ұйғарымымен ақталды.

109 жыл бұрын (1904-1945) композитор, домбырашы
КӨШЕКБАЕВ
Смағұл дүниеге келді. Атырау облысы Теңіз ауданында туған. Құрманғазының күйлері мен Мұхиттың әндерін орындаушы. 1936 жылдан Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда қызмет етті. Құрманғазының «Ертең кетем», «Лаушкен», «Повестка» күйлерін Е.Г. Брусиловскийге нотаға түсіртті. «Майданға», «Жас достар», «Май гүлі», т.б. ән-романстардың авторы. 1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында, 1941 жылы Ащысайда (Оңтүстік Қазақстан облысы) халық аспаптар оркестрін құрды. Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

89 жыл бұрын (1924) суретші, кескіндемеші, акварелші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ӘЖИЕВ Үкі Әжиұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Шығармашылығы Қазақстанның бейнелеу өнерінде елеулі орын алады. Республикадағы сурет көрмесінің бәріне белсене қатысты. Англия, Гана, Нигерияда болып, қала көрінісінің бірнеше картиналарын жазды. Суретшінің «Бұқара», «Самарқан» серияларына енген «Хиуа көшесі», «Шайханада», «Хиуа 1968 жылы» деген шығармалары ерекше көзге түсті. Мұнда Әжиев Шығыс қалаларының көріністері мен халықтың жарқын тұрмысын шынайы бейнеледі. Туған жер табиғатын танытатын «Асы жайлауы», «Алатау бөктерінде» атты шығармалары шыншылдығымен, нақтылығымен құндылы. Портрет жанрында да көп еңбек етті. «М. Әуезовтың портреті», «Студент қыз», «Механизатор» сияқты портреттер суретші дарынының жан-жақтылығын танытады. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.

93 жыл бұрын (1920-1987) жазушы, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері ЛАРИН Вениамин Иванович дүниеге келді.
Алтай аймағында туған. Томск медициналық техникумын, педагогикалық институтты, КОКП жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын Предгорненский мекетбінде мұғалім болып бастаған. 1942-1949 жылдары журналистік жұмыста, комсомол, партия ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды. 1949-1974 жылдары — «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, Қазақ КСР ЛКЖО Орталық Комитеті Үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, «Білім» республикалық қоғамының жауапты хатшысы, Қазақ КСР Теледидар и радио тарату комитеті төрағасының бірінші орынбасары, «Огни Алатау», «Вечерняя Алма-Ата» газеттерінің редакторы. 1974-1985 жылдары — «Простор» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Өмірінің соңғы жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болды.
Алғашқы очерктер жинағы 1956 жылы басылып шыққан. «Спроси у своего сердца», «Земле нужны звезды», «Век прожить» (бірлесіп шығарған), «Баллада о первой палатке», «Все остается нам» атты еңбектері жарық көрген.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.

76 жыл бұрын (1937-2011) композитор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МАҢҒЫТАЕВ Мыңжасар дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысындатуған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясынпрофессорК. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық — бояулы мәнеріне вокалдық және халықтық — аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, "Қозы мен Баян"балетінде, "Арман", "Құлагер"симфониялық поэмаларында "Шексіз махаббат"ораториясында, "Ақсақ құлан", "Жайлауда", "Қаратау әуендері"сияқты хорға арналған поэмаларында , әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдыңөлеңіне жазылған "Не іздейсің көңілім", "Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп", "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес…"өлеңдеріне ән-романстар жазды. Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. Ақан серінің "Қараторғай"әніне жазған вариациялары мен "Арман"атты симф. поэмасында, І.Жансүгіровтің "Құлагер"поэмасының желісіне жазған симфониясы мен "До-мажор"симфониясында, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Ақтолғай"симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. Ал халық оркестріне арнап жазған "Көктем"поэмасы мен "Концерттік күй", "Ырғақты", "Төгілмелі"атты күйлері, төрт бөлімді "Аққудың айрылуы"деген топтамасы оның композиторлық мүмкіндігінің жаңа қырын ашты. "Қаратау әуендері", "Дала дауысы", "Жайлауда"хор поэмалары мен хор сюиталары, "Ауыл тойы", "Елім менің"вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. "Ақан сері — Ақтоқты", "Сталинге хат", "Неке қияр", "Біздің үйдің жұлдыздары"спектакльдеріне, "Бәйшешек", "Көкжиек"кинофильмдері мен Қ.Сәтбаевтуралы деректі фильмге, "Қожанасыр сәулетші", "Әулие есек", "Үш түлек", т.б. мультфильмдергемузыкажазды.