БҚО төтенше жағдайлар департаменті тағы да ескерту жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО төтенше жағдайлар департаменті тағы да ескерту жариялады

БҚО төтенше жағдайлар департаменті тағы да ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес 23 желтоқсан күні Орал қаласы мен облыс аумағының кей жерлерінде қолайсыз ауа райы сақталады.

  • 23 Желтоқсан 2013
  • 386
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, қар жауып, бұрқасын соғып, соңы көктайғаққа айналмақ. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Тұрғындардың төтенше жағдайларға ұрынбауы және қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, электр және байланыс желілерінің үздіксіз жұмыс жасауы үшін тиісті шаралар алынды. Төтенше жағдай бола қалған жағдайда қажетті күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.