Берлин қабырғасы мұражайында өткен оның баспасөз мәслихатына ондаған елден 83 бұқаралық баспасөз құралдарының өкілдері қатысты, олардың арасында Ресей, Германия, Украина, Франция, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ және басқа де елдерден журналистер болды.
Ходорковский өзіне қолдау көрсеткен адамдардың, әсіресе журналистердің бәріне алғысын білдірді. Ол тілшілердің бірқатар өткір сұрақтарына жауап қайтара отырып, алдағы уақытта саясатқа араласпайтынын, ЮКОС акциясына қатысты дау-шарға да қатыспайтынын, сондай-ақ бизнеспен де айналыспайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ Ресейдегі саяси сотталғандардың құқықтарын қорғау үшін күресетінін атап өтті. Ол Ресейге егер өзіне қажет болған кезде шетелге шығатын мүмкіндік беретін болса ғана оралатынын атап көрсетті. Ресей президенті Владимир Путинге өзінің қатынасы туралы айта келіп, оны прагматикалық тұрғыдан қарайтынын атап өтті. "Мен отбасыма ешқандай қысым жасалмағанын атап айтқым келеді. оларға көзқарас түзу болды, сондықтан да мен маған қатысты кейбір қайшылықтарды өте сезімтал қабылдаған жоқпын", — деді ол.
Михаил Ходорковскийдің баспасөз мәслихаты РБК-ТВ телеарнасынан онлайн-режимінде көрсетілді.
"Менің қаржылық жағдайым ақша табу үшін үшін жүгіруді қажет етпейді, сондықтан да мен жағдайы төмен адамдарға көмектесуім қажет", дей келіп, оппозицияны қолдау үшін қаржы шығындамайтынын айтты.
Бұдан бұрын М.Ходорковский босағаннан кейін алғашқы сұхбатын берген болатын. Ол ЮКОС активтерін дауламайтынын, саясатқа бармайтынын, ал Ресейге егер шетелге қажет болған жағдайда шыға алатын болса ғана оралатынын мәлімдеді.
М.Ходорковский рақымшылық жасау жөніндегі өтінішінде өзінің кінесін мойындайтыны туралы сөз болмағанын ерекше атап көрсетті, әйтпесе ол бұл қағазға қол қоймаған болар еді.
21 желтоқсанда ол Берлинге келген ата-анасымен кездесті. ЮКОС-тың экс-басшысы Михаил Ходорковскийдің үлкен ұлы Павел «Адлон» қонақүйінің жанына жиналған журналистерге, енді олардың отбасы түгел жиналғанын мәлім етті. «Біздің отбасымыз енді ғана түгел қосылды. Біз өте-мөте бақыттымыз», — деді ресейлік бұрынғы кәсіпкердің Берлинге Нью-Йорктен ұшып келген ұлы.