"Біз олардың не істеп жатқандығын анық бақылауға мүмкіндік бермейтін мәмілелерді қабылдамаймыз. Ондай қару жасап жатқандығын біліп қойсақ, оларға тағы да қысым жасалады", деді ол Си-Би-Эс телеканалына берген сұхбатында.
Женевада қараша айында "алтылық" пен Иран ядролық бағдарламаның кейбір құрамдастарын тоқтату есесіне Тегеранға қатысты санкциялардың бір бөлігін алып тастау туралы келісімге қол қойған болатын.