"100 мың доллар ақшаны ол кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жету үшін ықпал еткендігі үшін алған", делінген дүйсенбіде экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік агенттіктен таралған хабарламада.
Ақпаратқа қарағанда, оны ұстаған күні, яғни 21-желтоқсанда оған қатысты аса ірі көлемде пара алғандығы үшін қылмыстық іс қозғалған.
"Қылмыстық іс тергелуде, оған қатысты бұлтарпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде", деп атап өтті қаржы полициясынан.
Вице-министрдің ұсталуына орай салалық ведомстводан түсініктеме берді.
"Қазіргі уақытта ол жұмыс орнында жоқ. Оның ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алу жөнінде оң шешім шешім қабылдау үшін жүз мың доллар пара алғандығы туралы ақпарат бар. Бірақ Мүслім Өмірьяев ветеринарлық препараттардың сатып алынуын қадағаламайтын, ол ветеринария мен мал шаруашылығы үшін жауапты емес. Ол сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамында да болмаған. Ол жер шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын қадағалап келген", деді "Интерфакс-Қазақстанға" ведомствоның баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов.