Жантүршігерлік апат адам өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жантүршігерлік апат адам өмірін жалмады

Жантүршігерлік апат адам өмірін жалмады

Адам өмірін жалмаған кезекті жантүршігерлік жол апаты Ақтауда болды. Шетелдің қымбат көлігіне мінген 19 жастағы жігіт тура қала ортасында джипке соқтығысып ажал құшты.

  • 24 Желтоқсан 2013
  • 356
Фото - Caravan.kz


Екі адам ғана сиятын кабриолетте тағы бір жолаушы отырған екен. 23 жастағы азамат жансақтау бөліміне жетпей жан тапсырды. Қос көліктің де түгі қалмай жаншылған. Қырсыққанда, соңғы үлгідегі екі темір тұлпардың да қауіпсіздік жастықтары іске қосылмай қалыпты. Джип жүргізушісі қазір өлім аузында жатыр. Әзірге белгілісі, жүйрік көліктер жол қиылысында оңбай соқтығысып, қапталдан асып құлапты.