Павлодарда түнде болған өрттен алты автобус жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда түнде болған өрттен алты автобус жанып кетті

Павлодарда түнде болған өрттен алты автобус жанып кетті

Павлодар қаласында кеше кешке «Жолаушылар көлігі альянсы» ЖШС жеке тұрған жылу ошағынан өрт шықты.

  • 24 Желтоқсан 2013
  • 343
Фото - Caravan.kz


Тілсіз жау 5 «Газель»  шағын автобусын және бір «Hyundai» шағын автобусын отқа орады. Өрт екі сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы мен жеке құрамның 23 адамы жұмылдырылды. Өрт шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Салдарынан түрлі дәрежедегі күйік шалған 70 жастағы жұмысшы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.