Алда мереке күтіп тұр. Әкімдерді, сіздердің әріптестеріңізді мереке күндері салғырттыққа салмай, баға құру мәселесін, ең алдымен жаңа жыл алдында азық-түлік пен ең қажетті өнім бағасын бақылау қажеттігін, әкімдерге тіршілік көздерін қамтамасыз ететін барлық қызметтердің жұмысын үнемі бақылап отыруын сұраймын», — деп С.Ахметов бүгін Астанада үкімет отырысында атап көрсетті.
Сонымен қатар, ол ішкі істер министрі мен құқық қорғау органдарына қоғамдық қауіпсіздікті бақылауды міндеттеді.
Сөз соңында премьер үкімет мүшелерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, табыс тіледі.