Қазақстанда 88 су айдынының тек 13-і ғана таза - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 88 су айдынының тек 13-і ғана таза

Қазақстанда 88 су айдынының тек 13-і ғана таза

Қазақстанда 88 су айдынының тек 13-і ғана таза. Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын таныстырған ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров осылай деді.

  • 24 Желтоқсан 2013
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Коммуналдық инфрақұрылымдардың басым бөлігінің техникалық жай-күйінің қанағаттанарлықсыздығы техникалық және ауыз су сапасына теріс әсер етеді. 2012 жылы ластану көрсеткіші бойынша жіктелген 88 су айдының тек 13-і ғана «таза» деп танылды»,- деді ол.

Бұл орайда министрдің сөзіне қарағанда, бағдарламада бүкіл республика аумағындағы су айдындарын тазалау және жақсарту бойынша іс-шаралар кешені қарастырылған.

«Толықтай алғанда ауыз су сапасының стандарттары Еуропалық стандарттарға сай келеді. Дегенмен бірқатар параметрлерді түзету қажет. Ағынды сулар сапасы стандарты ескірген, қолдануға қиын. Еуропалық стандарттарға қарама-қайшы әрі қиындау. Ауыз судың шынайы сапасына және ағын сулар сапасының қабылданған нормаларға сәйкестігіне қатысты ашықтық жоқ», — деді Н.Қаппаров.