«2014 жылы жергілікті бюджеттен дотация бөлуді көздеп отырмыз. Бұрын метрополитенді күтуге кететін шығын республикалық бюджеттен бөлінген болатын», — деді Ю.Ильин.
Әкімдік мәліметінше, пайдалануға берілген екі жыл ішінде метро 1 млрд теңгеден астам пайда тапқан.
«Әлемдік тәжірибеде қай елде болса да метрополитен дотациялық схема бойынша қаржыландырылады. Өйткені, шығын көп шығады, ол тіпті, жолаушысы көп үлкен қалаларда да өзін-өзі жаппайды», — деді Ю.Ильин.
Оның айтуынша, келесі жылы метрополитенге жарнама орналастыру арқылы 100-120 млн теңге пайда табу көзделген.
Алматы метросы екі жылда 13 млн астам адам тасыған. Күн сайын жерасты жолын 24 мың жолаушы пайдаланыд екен.