Полицейлер жаңа жыл мерекесі қарсаңында арнайы алдын-алу шарасын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер жаңа жыл мерекесі қарсаңында арнайы алдын-алу шарасын өткізеді

Полицейлер жаңа жыл мерекесі қарсаңында арнайы алдын-алу шарасын өткізеді

Ішкі істер органдары жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» атты арнайы алдын-алу шарасын өткізеді.

  • 25 Желтоқсан 2013
  • 288
Фото - Caravan.kz

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға ішкі істер органдарының барлық бөлімшелері мен Ішкі әскер толық жұмылдырылған.

Ақпарға сүйенсек, қоғамдық орындарда, көшелерде заң бұзушылықтар мен қылмыстың алдын-алу бағытындағы жұмыстар күшейтіліп, көңіл көтеретін мекемелер мен адам көп жиналатын жерлерде партульдік бақылау орнатылды.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік тізгіндеп, жол ережесін бұзған жүргізушілер да жауапқа тартылады.