Павлодарда жолаушы тасымалдаумен айналысатын серіктестіктің автотұрағы жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жолаушы тасымалдаумен айналысатын серіктестіктің автотұрағы жанып кетті

Павлодарда жолаушы тасымалдаумен айналысатын серіктестіктің автотұрағы жанып кетті

Павлодарда жолаушы таситын алты бірдей автобус өртеніп кетті. Оқыс оқиға қоғамдық көліктер қаңтарылып тұрған кезде болған. Қала шетінде орналасқан автотұрақта шыққан өрттен бір адамды күйік шалып, ауруханаға түсіпті. 

  • 25 Желтоқсан 2013
  • 228
Фото - Caravan.kz


Түні бойы тыншымаған үскірік жел өрт сөндірушілерді біршама әбігерге салған көрінеді. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан жиырма үш адам жұмылып, жеті техника тартылған. Бірақ калың түтін көпке дейін көз аштырмай, қаңтарылып тұрған алты шағын автобус түгі қалмай жанып кеткен. Ал жалынмен жалғыз алысқан күзетшінің өзін күйік шалып, ауруханаға түсіпті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.