Еліміздің бірқатар өңірлерінде боран соғуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірқатар өңірлерінде боран соғуы ықтимал

Еліміздің бірқатар өңірлерінде боран соғуы ықтимал

Республика аумағында ауа райының тұрақсыздығы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, жел күшейеді, боран соғады, көктайғақ болады, тұман түседі, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

  • 25 Желтоқсан 2013
  • 416
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл аймағында жел 17-22 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді деп күтілуде. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында боран соғады деп болжануда, тұман түседі, көктайғақ болады, Жамбыл облысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшеюі ықтимал, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысында кейбір жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады деп күтілуде, тұман түседі. Ақтөбе облысында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді деп күтілуде, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с-ке күшейеді.


Алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарында мұз қату үдерісі жалғасады, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.