«Твиттердің» құрылуы туралы сериал түсірілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Твиттердің» құрылуы туралы сериал түсірілмек

«Твиттердің» құрылуы туралы сериал түсірілмек

Канаданың Lionsgate TV кинокомпаниясы «Твиттер» микроблогтар жүйесінің құрылуы туралы сериал түсірілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды lenta.ru.

  • 25 Желтоқсан 2013
  • 223
Фото - Caravan.kz

«Сериал Американың The New York Times газетінің журналисті Ник Билтон жазған «Hatching Twitter: A True Story of Money, Power, Friendship and Betrayal» («Твиттердің дүниеге келуі: ақша, билік, достық және сатқындық туралы шынайы тарих») кітабының негізінде түсірілмек», — деп айтылған хабарламада.

Телевизиялық жобаның продюсері Эллисон Шермур болмақ. Ол 2013 жылы жуырда шыққан «Голодные игры: И вспыхнет пламя» фильмінің арқасында танымал болды.

Өз кітабын теледидардан көрсетуге бейімдеп, сериал сценарийін жазуға Билтонның өзі кіріседі.


«Hatching Twitter» 2013 жылғы 5 қарашада жарияланған және Amazon интернет-дүкені нұсқасы бойынша айдың үздік кітабы атанған болатын.

The Economist Британ журналы оны 2013 жылдың үздік көркем шығармалары қатарына қосты.