Ходорковский үш айға швейцариялық виза сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ходорковский үш айға швейцариялық виза сұрады

Ходорковский үш айға швейцариялық виза сұрады

"ЮКОС" компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 292
Фото - Caravan.kz

Берлиндегі швейцариялық елшілікке жүгініп, Швейцарияға бару үшін үш айлық виза беру туралы өтініш білдірді. Бұл туралы кеше АП агенттігі швейцариялық СІМ өкілі Штефан фон Белоуге сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

«Өтініш жақын күндері қаралады, бірақ бұл мерекеге байланысты көп  уақытқа созылуы мүмкін», — дейді ол.

М.Ходорковскидің өкілі Кристиан Ханн швейцариялық визаға өтініш беру «ЮКОС» басшысының Швейцарияға қоныс тебуді көздейтінін білдірмейтінін атап көрсетті.

Бұрын хабарланғандай, өткен жұмада Ресей президенті Владимир Путин М.Ходорковскиге рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Сол күні «ЮКОС» компаниясының бұрынғы басшысы Крелиядағы колониядан шығып, жекеменшік ұшақпенГерманияға ұшып кетті.