Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты сот келесі жылға қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына  қатысты сот келесі жылға қалдырылды

Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты сот келесі жылға қалдырылды

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты алғашқы сот процесі қаңтардың 23-іне белгіленді. Алдын-ала тыңдау өткізген сот осындай шешім шығарды.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 249
Фото - Caravan.kz


Процесс ашық өтпек. Жалпы сот алдында жауап беретін айыпталушылардың саны әзірге 22. Олардың қатарында Бергей Рысқалиевтің бұрынғы орынбасарлары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров және Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов бар. Атышулы қылмыстық істі Атырау облысының ауданаралық сотының төрағасы Гүлмира Дәулетова жүргізбек. 21 адвокат пен 2 мемлекеттік айыптаушы қатысатын процесс орыс тілінде жүргізіледі. Тек соттың басты айыпталушысыз өтетінін айта кетейік. Өйткені мемлекеттің 71 миллиард теңгесін ұрлады деген айып тағылған Бергей Рысқалиев ұшты-күйлі жоқ. Экс-әкім мен оның туған інісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали бар жалпы 11 адам қазір халықаралық іздеуде жүр.