Обама жұбайымен ажыраспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обама жұбайымен ажыраспақ

Обама жұбайымен ажыраспақ

АҚШ-та жергілікті БАҚ елдің бірінші ханымы Мишель Обама жұбайымен ажыраспақ деген жаңалықты жарыса жазып жатыр.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz

Утро.ру хабарлағандай, Барак Обаманың Нельсон Мандела жаназасында Дания премьер-министрі Хелле Торнинг-Шмиттпен ойнап-күлген іс-әрекеті оның зайыбының шыдамын тауысқан. Сосын ол дат делегациясының басшысымен бірге бірнеше мәрте суретке де түскен.

Басылымның ақпаратына қарағанда, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының бұзылғанына бірталай уақыт өткен. Олар біраздан бері бөлек бөлмелерде тұрады. «Көп жылдар бойы олар өздерінің қыздары мен саяси мансап үшін ғана қарым-қатынастарын сақтап қалуға тырысқан», — деп хабарлады АҚШ президентінің отбасын жақсы білетін дерек көзі.

Барак және Мишель Обама 1992 жылғы 3 қазанда үйленген болатын. 1998 жылы олардың Малия атты, ал үш жылдан соң Саша атты қыздары дүниеге келген.