Сенат бірқатар судьяларды қызметінен босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат бірқатар судьяларды қызметінен босатты

Сенат бірқатар судьяларды қызметінен босатты

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының судьяларын қызметінен босату және сайлау туралы мәселелерді қарады. Еске салсақ, Конституцияға сәйкес, Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босатып, сайлау Сенаттың ерекше қызметіне жатады.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 318
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, судья лауазымында 33 жыл қызмет атқарған Анатолий Линник пен судьялық өтілі 17 жыл Раушан Нұртай зейнет жасына байланысты жұмыстан босату туралы өтініш берген. Бұдан бөлек, Гүлнәр Рысбековаға судья қызметінен отставкаға кету туралы құқығы ұсынылып, бұл ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот судьясы ретінде Ағыбаева Лаура, Ақмолдаева Елена, Ирина Калашникова, Маргарита Одинцова, Амангелді Сәрсенбаев сайланды. Заңға сәйкес, жаңадан сайланған судьялар Сенат алдында ант қабылдады.


Сенат спикері жаңа қызметке кіріскен судьяларға табыс тілеп, еңбектері жемісті болатынына сенім білдірді.