Астанада тұрғын үй кезегінде қанша адам тұр? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тұрғын үй кезегінде қанша адам тұр?

Астанада тұрғын үй кезегінде қанша адам тұр?

Астанада соңғы бес жылда кезекте тұрған 4,5 мың жанұя жаңа пәтердің кілтін алды, деп хабарлады астаналық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 554
Фото - Caravan.kz

"Оның 1200 — әлеуметтік қорғалмаған жанұялар. Дегенмен, жыл сайын қалаға елдің басқа аймақтарынан шамамен 50 мың адам келеді, яғни, тұрғын үй құрылысы қызметін бұдан былай да қарқындатып жүргізу керек", деп келтіріп өтеді әкім Иманғали Тасмағамбетовтің сөздерін баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, қалада қазір тұрғын үй кезегінде 28 мың 438 адам тұр. Оның ішінде әлеуметтік сала қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер бар.

Астананың ресми сайтында көрсетілгендей, жуық күндері қайырымдылық акция шеңберінде 10 құрылыс компаниясы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 11 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыс еткен.


Осы кезге дейін аталмыш акция шеңберінде 60 жанұя үйге ие болды, делінген онда.