Қазақстанға қант өндірісін оңтайландыру керек, деп санайды ресейлік сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға қант өндірісін оңтайландыру керек, деп санайды ресейлік сарапшы

Қазақстанға қант өндірісін оңтайландыру керек, деп санайды ресейлік сарапшы

Қазақстанға үш қант зауыты жетіп жатыр, олар жыл бойы рынокты оп-оңай қамтамасыз етеді, деп санайды Аграрлық рыноктың конъюнктура институтының (Ресей) жетекші сарапшысы Евгений Иванов.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 2489
Фото - Caravan.kz

"Қазақстанға сонша қант зауыты керек емес. Күштегенде екі-үш зауыт керек. Қалған зауыттарды баяғыдан басқа өндіріске бейімдеу керек болатын, мәселен, астық өңдеу үшін", деді ол "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанда қант рыногының сыйымдылығы ішкі сұраныспен (Беларусия мен басқа елдерден әкелінетін импорттың елеулі екендігін ескергенде) және аздаған экспортпен шектелген.

"Зауыттар көп болғандықтан, олар маусым кезінде ғана, жылына бірнеше ай жұмыс істеуге мәжбүр, бұл аса тиімсіз", деді Е.Иванов.


Қазіргі уақытта Қазақстанда Көксу қант зауыты, Боралдай қант зауыты, "Алматы қанты", Ескелді қант зауыты, Тараз қант зауыты, Меркі қант зауыты жұмыс істейді.

2008 жылдан бері "Алакөл Шекер", "Ақсу-Шекер", "INVESTMENT MANAGEMENT LTD" (Шу қант зауыты) істемейді.