2013 жылы Қазақстанда ІЖӨ өсімі 6% болады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылы Қазақстанда ІЖӨ өсімі 6% болады

2013 жылы Қазақстанда ІЖӨ өсімі 6% болады

Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев 2013 жылдың нәтижелері бойынша республиканың экономика өсімі болжанған мәнде қалыптасатындығына сенімді.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 534
Фото - Caravan.kz

"Жылдың нәтижелерін қарайтын болсаңыз, 6% өсім деген жоспар өзгеріссіз қалып отыр, оған әлеуеттік мүмкіндігіміз бар. Тіпті осы жылдың өзінде тау-кен металлургия кешені бойынша жағдай жақсарып қалар, деген ойымыз бар. Өйткені әлемдік экономика жандана бастады, әрине, даяр металл, түсті металл тұтыну арта түседі", деді Е.Досаев Астанада бейсенбіде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Инфляция мәселесіне келер болсақ, біз осы қарқынды, осы жылға көзделген трендті сақтап қалуға тырысамыз", деді министр.


Қазақстанда қараша айында инфляция 0,5% құрады, жылдың басынан бері- 4,1%. Ұлттық банктің болжамынша, ағымдағы жылдың нәтижелері бойынша инфляция 6-8% көлемінде белгіленген дәліздің төменгі шекарасында қалыптасқан.