«Ақ Бұлақ» бағдарламасы кешуілдеп орындалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақ Бұлақ» бағдарламасы кешуілдеп орындалып жатыр

«Ақ Бұлақ» бағдарламасы кешуілдеп орындалып жатыр

ҚР Өңірлік даму министрлігі Болат Жәмішев халықты ауызсумен қамтамасыз етудің «Ақ Бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы кешуілдеп жатқанын мойындады.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 398
Фото - Caravan.kz


Оның ақпараты бойынша, биыл ауызсу бағдарламасы аясында жалпы көлемі 83 млрд. теңге болатын 304 жоба жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты 2020 жылы 80 пайыз ауылды және барлық қалаларды сумен жабдықтау көзделуде.

«Биылғы жылдың қорытындыларын алатын болсақ, бағдарламаны жүзеге асыру қарқыны бойынша біз кешуілдеп барамыз. Алайда министрлікте осы бағдарлама аясында жасалатын жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары қайтадан қаралып жатыр», — деп атап өтті Б.Жәмішев.