1-қаңтардан бастап Алматы мен Алматы облысында жылу мен суды босату бағасы қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-қаңтардан бастап Алматы мен Алматы облысында жылу мен суды босату бағасы қымбаттайды

1-қаңтардан бастап Алматы мен Алматы облысында жылу мен суды босату бағасы қымбаттайды

«Алматы электр станциялары» компаниясы 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап суды магистральді құбырларға тарату бағасын екі есе, жылу өндіру құнын 3,4 пайызға қымбаттатпақ.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 387
Фото - Caravan.kz

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір текше метр суды магистральді құбырлар арқылы жіберу құны қазіргі 28 теңге 69 тиынның орнына 58 теңге 44 қиынға, жылу өндіру қызметі 2536 теңге 86 тиын/Гкал орнына 2622 теңге 71 тиынды құрауы тиіс.

Бұған «Бастау» МҚК көрсететін қызмет бағасының қымбаттауы түрткі болып отырған көрінеді.

Хабарламаға сүйенсек, жылу бағасының өсуі отынның қымбаттауына тікелей байланысты болып отыр. Отындық мазут – 37,7 пайыз, байытылған Қарағанды көмірі – 8,5 пайыз, байытылмаған Екібастұз көмірі – 6,9 пайыз, табиғи газ – 1,8 пайыз қымбаттаған.