КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеден озды

КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеден озды

Қазақтың біртуар қызы, опера әншісі, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР-ының Еңбек сіңірген әртісі Роза Жаманова жұмаға қараған түні 86 жасқа қараған шағында көз жұмды.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 535
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан хабарлады.

Р.Жаманова 1928 жылы 16-сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол өнер жолын 1953 жылы Абай атындағы опера және балет театрынан бастады. Әр жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда, еліміздегі музыкалық оқу орындарында шәкірттерге тәлім берді.

Р.Жаманова Дж.Вердидің «Аида», «Бал-маскарад», «Травиата», «Дон Карлос», «Трубадур», Дж:пуччинидің «Тоска», «Богема», «Чио-чио-сан», Ш.Гуноның «Фауст», Ж.Массненің «Манон», Л.Делибтің «Лакме», Р.Леонкаваллоның «Паяцы», П.Чайковскийдің «Иоланта», «Евгений Онегин», Э.Направниктің «Дубровский» спектакльдерінде басты рөлдерді сомдады.