Аяз ата мен ақшақардың ерекше көлігі пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяз ата мен ақшақардың ерекше көлігі пайда болды

Аяз ата мен ақшақардың ерекше көлігі пайда болды

Қарағандыда аяз ата мен ақшақардың ерекше көлігі пайда болды. Қаланың тапқыр тұрғындары жеңіл машинаны баяғының пәуескесіне ұқсатып жасапты. Қазір оған көзі түсіп жатқандар көп екен.

  • 28 Желтоқсан 2013
  • 355
Фото - Caravan.kz


 

Мына ақшақардай ақ көлік қала көшелеріне шыққанда бірден көпшіліктің көңілін аударады. Суретке түсіп, ұстап көргісі келгендер былай тұрсын, жолды кес-кестеп тоқтататын кейбірі тіпті «сат» деп те қолқа салатын көрінеді. Бірақ ерекше көлікті тапсырыспен 6 ай бойы жасатқан қожайындары, оны әзірге өздері ғана пайдаланбақ ойда. Кәдімгі лимузіндегі қолайлы жағдайдың барлығы жасалған көліктің ерекшелігі пәуескеге ұқсайтын келбетінде ғана. Бұл жаңа жылдық салтанатта аяз атаға ерекше сән береді екен.