Алматы әкімдігі Мэлс Елеусізовтен өтемақы өндіре алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігі  Мэлс  Елеусізовтен өтемақы өндіре алмады

Алматы әкімдігі Мэлс Елеусізовтен өтемақы өндіре алмады

Мэлс Елеусізов пен Алматы әкімдігі арасындағы дауға бүгін сот соңғы нүкте қойды. Бірнеше айдан бері эколог жасыл желекті заңсыз отап жатыр деп шаһар басшылығын айыптаған болатын. Шенеуніктер де атымызға кір келтірді деп, Елеусізовтен 15 млн теңге моральдық өтемақы талап еткен.

  • 28 Желтоқсан 2013
  • 212
Фото - Caravan.kz


Бүгін Алматының ауданаралық экономикалық соты көшедегі теректер оталып, одан паркет жасалып жатыр деген табиғат жанашырының мәлімдемесін негізсіз деп тапты. Сот осыны әу бастан өтірік деп, моральдық шығындарын 15 млн-ға бағалаған әкімдіктің де талабын қанағаттандырған жоқ. Елеусізов тек мың 800 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Эколог мұның өзін билік тарапынан жасалған қысастық деп отыр.