БҚО-да 31 елді мекен электр жарығынсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да 31 елді мекен электр жарығынсыз қалды

БҚО-да 31 елді мекен электр жарығынсыз қалды

Батыс Қазақстан облысының 7 ауданында ауа температураның төмендеп, ауадағы ылғалдылықтың жоғарылауынан ВЛ-110 кВ, ВЛ-35 кВ мұзданып, зақымданды.

  • 30 Желтоқсан 2013
  • 414
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Апаттың салдарынан 31 елді мекен электр жарығынсыз қалды: Қазталов ауданында — 14 елді мекен (5800 абонент) мен Жалпақтал орталық аудандық ауруханасы, Зеленов ауданында — 2 елді мекен (100 абонент), Жанғали ауданында — 6 елді мекен (1880 абонент), Бөкейорда ауданында — 3 елді мекен (900 абонент), Ақжайық ауданында 2 елді мекен (300 абонент), Тасқала ауданында — 2 елді мекен (140 абонент) мен орталық аудандық аурухана, Жәнібек ауданында — 3 елді мекен (2285 абонент), Сырым ауданында — 2 елді мекен (235 абонент). Барлығы абоненттер саны — 11640. Апатты жоюға «ЗапКазРЭК» АҚ апаттық-қалпына келтіру бригадасы, «Жайықтеплоэнерго» АҚ, ҚР ТЖМ БҚО ТЖД және жергілікті халықтан 247 адам жұмылдырылды.