Әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың әлеуетті бағыттарын талқылады және жақын уақыттары екі ел банктері арасында Өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы уағдаласты. Сонымен қатар Қ.Келімбетов БАӘ-дегі әріптесін VII Астана экономикалық форумына және II Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференциясының жұмысына қатысуға шақырды.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық банк төрағасы БАӘ-де танымал түрколог, жазушы Немат Келімбетовтің араб тіліне аударылған «Үмітімді үзгім келмейді» атты романының тұсаукесеріне қатысты.