Үй қызметшісінің жалақысын мемлекет қазынасынан төлеген аудан әкімі қызметтен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үй қызметшісінің жалақысын мемлекет қазынасынан төлеген аудан әкімі қызметтен кетті

Үй қызметшісінің жалақысын мемлекет қазынасынан төлеген аудан әкімі қызметтен кетті

Жамбыл облысында Тұрар ауданының әкімі қызметтен босатылды.

  • 30 Желтоқсан 2013
  • 305
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шенеунік өз үйінде күтуші болып жұмыс істейтін төрт адамға мемлекет есебінен жалақы төлеп келген көрінеді.

«Бірнеше ай бойы төрт жұмысшы аудан әкімі аппаратында қызметке тіркелген. Салдарынан мемлекетке 668 мың теңге шығын келтірілді», — делінген хабарламада.

Жемқорлық қылмыс мәселесі қаржы полициясының ұсынысымен облыстың тәртіптік кеңесінде қаралды. Кеңес мүшелерінің басым бөлігі оны жұмыстан босатуды қолдады.